Прямой эфир Новости спорта

Абай облысындағы өрттен 14 орманшы қаза тапты

Олармен байланыс 8 маусым күні үзілген болатын.

Абай облысындағы орман өртінен 14 орманшы қаза тапты, деп хабарлады Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Жедел штабтың мәліметінше, "Семей орманы" резерватында өртті сөндіру кезінде Успенское орманшылығының 14 қызметкері қаза тапты. 

Олармен байланыс 8 маусым күні үзілген болатын. 


Оқи отырыңыз: Әлихан Смайылов Абай облысындағы өртті ауыздықтау үшін бірнеше министрлікке тапсырма берді


Абай облысында 9 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігі, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдар және Қорғаныс министрлігінен 1000-нан астам адам, шамамен 252 техника жұмылдырылған.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары