USD: 466.7 / 469.1
  • EUR: 534.5 / 539.5
  • RUB: 5.63 / 5.75
Тікелей эфир
Алматы +22C
Все города

Абай облысында 10 млн теңге қарызы бар борышкердің көлігі айып тұрағына қойылды

Фото: polisia.kz сайтынан
Фото: polisia.kz сайтынан
Ұсталған көлік жекеменшік сот орындаушысының қаулысына сәйкес тоқтатылған.

Абай облысында 10 миллион қарызы бар борышкердің көлігі айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Polisia.kz

"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Абай облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Toyota Camry автокөлігін тоқтатып, арнайы айып тұрағына жеткізді. Ұсталған көлік жекеменшік сот орындаушысының қаулысына сәйкес тоқтатылған", – делінген хабарламада. 

Ресми мәліметке сәйкес, көлік иесінің мемлекет алдындағы берешегі 10 миллион теңгеден асады. "Қауіпсіз жол" іс-шарасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ сот актілерінің орындалмауына байланысты құқық бұзушылықтарды анықтап, жолын кесуге бағытталған. 


Оқи отырыңыз: Шымкентте блогер ұстаздан 1,2 млн теңге бопсалады деген күдікке ілінді


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау