Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметке сәйкес, медиа саласындағы танымалдылығын пайдаланған күдікті мектеп қызметкерлерін бопсалағаны анықталды. Ол "жағымсыз ақпаратты жариялаймын" деп қорқытып, 1,2 миллион теңге талап еткен.
Қаладағы мектептердің бірінің өкілінің арызы бойынша полиция департаментінің қызметкерлерімен ірі көлемде ақша бопсалаған күдікті азамат С. ұсталды. Қаззір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қандай да бір қысым көрсету, қорқыту және бопсалау әрекеттері қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Азаматтарды мұндай жағдайда бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырамыз", – делінген ведомства ақпаратында.
Оқи отырыңыз: Шерзат Полат ісі: Айыпталушылар кінәсін мойындай ма?
USD:
503.5 / 507.5
EUR:
588.5 / 593.5
RUB:
6.51 / 6.63