230 миллион теңге: Қазақстанда алаяқтық жасаған күдікті Қырғызстанға қашып кеткен

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Қырғыз Республикасы Қазақстан азаматшасын экстрадициялады.

Қазақстанда аса ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті Қырғыз Республикасынан экстрадицияланды, деп хабарлайды бас прокуратура.

Бас прокуратураның мәліметінше, аталған тұлға 2023 жылғы маусымда адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша Алматы қаласындағы банктердің біріне клиенттердің атынан олардың банктік шоттарына тіркелген абоненттік нөмірлерін өзгерту туралы хабарламалар жіберіп, осылайша банк шоттарына қол жеткізген.

Осыдан кейін күдікті қашықтан қол жеткізу арқылы бес жәбірленушінің шотынан "дропперлердің" банктік шоттарына ақша аударып, олардың қаражатын иемденген.

"Оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілерге 230 миллион теңгеден астам шығын келтірілген. Осы жылдың қаңтарында ол Бішкек әуежайында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – делінген хабарламада.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары