Алкоголь, SIM-карта: Семейде түрмеге тыйым салынған заттарды өткізбек болған күдікті ұсталды

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
Тексеру барысында құрылыс материалының тым көп оралғанынан күдік тудырған.

Семей қаласындағы №19 түзеу мекемесіне бес смартфон, бес SIM-карта, Wi-Fi роутері мен бес литр алкогольді ішімдік алып кіру әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тыйым салынған заттарды Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімінің сарбаздары қызмет барысында анықтаған. Ер адам ол заттарды эмульсия шелегіне жасырып, сыртын бірнеше қабаттап орап тастаған.

Тексеру барысында құрылыс материалының тым көп оралғанынан күдік тудырған.

"30 литрлік эмульсияның сыртын скотчпен әбден оралғаны сезік тудырды. Тексеру кезінде шелек ішінде тағы бір ыдыстың барын байқадым. Сол ыдысқа тыйым салынған заттар жасырылған екен", – дейді жедел мақсаттағы батальон бөлімшесінің командирі сержант Берік Акибаев.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Табылған заттар тәркіленіп, мекеменің күзет қызметіне тапсырылды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз