2022 жылы қосымша 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады

Қазақстанда шамамен 15 млн гектар қоғамдық жайылым жерлері жетіспейді.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы 3 жылда 18 млн гектар бос және 3 млн гектар заңсыз берілген жайылымдар анықталып, олардың 5 млн гектары мемлекетке қайтарылса 4 млн гектары айналымға тартылған.

Жер учаскесін игеруге мүмкіндігі жоқ адамдар оны иелену арқылы жердің жасанды тапшылығын тудырып отыр. Ал бұл өз кезегінде нақты шаруашылықпен айналысатын фермерлер мен ауыл тұрғындарын шаруадан айырады және жердің тозуына алып келеді.

Бас прокуратура мәліметінше, Қазақстанда шамамен 15 млн гектар қоғамдық жайылымдар жетіспейтіні анықталған. Бұл мәселені шешу мақсатында Бас прокуратура Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп мемлекетке қосымша 5 млн гектар жерді қайтаруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, жайылымдарды беру кезіндегі заң бұзушылықтар үшін 520 лауазымды адам, оның ішінде 42 адамның тәртіптік жауапқа тартылғаны белгілі болды.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз