Банкнотты қабылдаудан бас тартқандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Банк мәлімдемесіне сәйкес, кәсіпкерлер тарапынан номиналы 200 теңгелік банкноттарды қабылдаудан бас тарту деректері туралы азаматтардан өтініш түсе бастаған. Осыған орай, банктің қолма-қол ақша айналысы департаментінің басқарма бастығы Серікжан Майданов түсініктеме берді.
"Ұлттық банк номиналы 200 теңгелік банкноттардың заңды төлем құралы болып қалатынын еске салады. Олар 200 теңгелік монеталармен айналымда қатар жүреді және төлемдердің, банктік операциялар мен аударымдардың барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті", – деді Серікжан Майданов.
Оқи отырыңыз: 197 миллиард теңге: Қазақстандықтар жаппай доллар сатып алып жатыр
200 теңгелік банкноттарды банктер мен "Қазпошта" АҚ-ның барлық бөлімшесінде, сондай-ақ, ҚҰБ филиалдарында ұсақтауға және айырбастауға болады. Олар табиғи тозығы жеткенде ғана айналымнан алынады.
"Мұндай банкноттарды қабылдаудан бас тартқан тарапқа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 206-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Егер сізден номиналы 200 теңгелік купюраларды қабылдамаса, онда ҚҰБ-тың жақын маңдағы аумақтық филиалына хабарласу қажет. Сонымен бірге, видеоға түсіруге немесе банкнотты қабылдаудан бас тарту себебін жазбаша талап етуге кеңес береміз", – деді Серікжан Майданов.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥊 Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлердің жекпе-жегі 13 мамырда АҚШ-та өтеді
-
305
-
0
-
0
-
-
2«TikTok»-та онлайн заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды
-
264
-
0
-
0
-
-
3🎙 Қазақстанда қанша халық әртісі бар?
-
272
-
0
-
0
-
-
4⚡️“Аманат” партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
-
260
-
0
-
2
-
-
5🎒 Биыл Қазақстанда 400 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады
-
267
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
-
231
-
0
-
0
-
-
7⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлейді
-
221
-
0
-
0
-
-
8⚡️ Мемлекет басшысы Үкімет назар аударуы тиіс мәселелерге тоқталды:
-
224
-
0
-
0
-
-
9Мемлекет басшысы: әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет.
-
220
-
0
-
0
-
-
10⚡️ Мемлекет басшысы: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
-
230
-
0
-
0
-