Жетісулықтардың қыс айларына дейін орманға баруына тыйым салынды. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев қаулыға қол қойды.
Яғни, 1 қарашаға дейін жеке тұлғаларға шектеу қойылды.
"Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіпі жоғарғы кезеңде (жыл сайын 1 сәуір мен 1 қарашаға дейін) ормандарда жеке тұлғалардың болуына тыйым салынсын және орманды пайдалану құқығы шектелсін. Қаулының орындалуын бақылау "Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін", – делінген құжатта.
Оның орындалуын Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қадағалайды.
USD:
461.9 / 464.5
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.95 / 6.07