Тікелей эфир

Жедел желі: жер сілкінгенде қайда хабарласуға болады?

ҚР ТЖМ Дағдарыс жағдайларда басқару орталығы қызметінің жедел желісі жұмыс істейді.

Бүгін саға 11.22-де Алматы облысында жер сілкінді. Алматы облысында жер сілкінісінің қуаты 5 балл болып сезілсе, Талдықорғанда (Жетісу облысы) зілзала қуаты 2 балл болды. 

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13.2.
  • MPV магнитудасы – 6.1.
  • Эпицентрдің координаттары – 42.93° с.е. 76.96° ш.б.
  • Тереңдігі – 10 км.
  • Алматыда сезілуі – 5 балл. 

Жер сілкінісіне байланысты келесі нөмірлерге хабарласуға болады:

  • ҚР ТЖМ Дағдарыс жағдайларда басқару орталығы қызметінің жедел желісі – 8 7172 704 114;
  • Алматы – 8 727 278 20 83, 8 727 278 2084;
  • Алматы облысы – 8 727 722 6097;
  • Жетысу облысы – 8 728 222 0218.
Серіктестер жаңалықтары