Тікелей эфир

Жарқын ауылында жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Фото: Семей әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Семей әкімдігінің баспасөз қызметі

Жарқын ауылының тұрғындары үшін жол жөндеу ең өзекті мәселелердің бірі болып келген.

Қазіргі таңда Жарқын ауылында жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылға Жарқын ауылына 8,3 км кірме жолға орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Жол жөндеу жұмыстарының жалпы ауданы 49 900 м2 құрайды, асфальттың қалыңдығы 6 см, сондай-ақ жол белгілерін орнату көзделген. Бұл жоба ведомстволық сараптамадан өтті.

Фото: Семей әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Жарқын ауылындағы жол жөндеу жұмыстарының барысын тексеру үшін мердігер ұйымның өкілдерімен кездесуге барды.

Фото: Семей әкімдігінің баспасөз қызметі

"Мен әкім болып тағайындалған күннен бастап жарқындықтар жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрап келеді. Күз мезгілінде жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін болмағандықтан, жұмыстарды көктем мезгіліне қалдырдық. Осы айдың соңына дейін жөндеу жұмыстарын аяқтаймыз деген ойдамын", – деп атап өтті Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Мердігер ұйым – "Семей Жолдары" ЖШС. Жұмыстар бекітілген кестеге сай жүргізіліп жатыр. 

Фото: Семей әкімдігінің баспасөз қызметі

"Жарқын ауылының тұрғындарының көпшілігі қалада жұмыс істейді. Жол азабын қаншама жылдан бері көріп келе жатырмыз. Міне, асфальт төсемдерін жүргізу басталды. Облыс әкімі мен қала әкіміне Жарқын ауылының тұрғындары атынан ризашылығымды білдіремін", – деді ауыл тұрғындары.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары