USD: 469.1 / 471.5
  • EUR: 535.5 / 540.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +34C
Все города

ХҚО-лардың мереке күндері қалай жұмыс істейтіні белгілі болды

Фото: ХҚО
Фото: ХҚО
5 және 6 қаңтарда еліміздің барлық орталығы әдеттегідей жұмыс істейді.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ баспасөз қызметі ХҚО-лар мен арнайы ХҚО-лардың 2025 жылғы қаңтардағы жұмыс кестесі туралы мәлімдеді.

Жаңа жылды мерекелеуге байланысты ХҚО-лар мен арнайы ХҚО-лар 1-3 қаңтар аралығында жұмыс істемейді.

Дегенмен 4 қаңтар, сенбі күні Халыққа қызмет көрсету орталықтарының кезекшілері үшін жұмыс күні болып саналады. Қабылдау сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жүзеге асырылады.

5 және 6 қаңтарда еліміздің барлық орталығы әдеттегідей жұмыс істейді. Қазақстанда 7 қаңтарда православиелік Рождество мерекесі атап өтілетіндіктен, бұл күн ХҚО мен арнайы ХҚО үшін демалыс күні болып саналады.

Мемлекеттік корпорация жұмыс күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайтынын еске салды. Кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбі мен жұма аралығында 9:00-ден 20:00-ге дейін және сенбіде 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының кезекші мекенжайларының тізімі Instagram-дағы ресми парақшада қолжетімді, сонымен қатар 1414 нөмірі бойынша да білуге болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау