Тікелей эфир

Ұлттық банк FIFA world cup Qatar 2022 коллекциялық монеталарын айналымға шығарды

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Қазақстан ұлттық банкі "Спорт" монеталар сериясынан FIFA world cup Qatar 2022 коллекциялық монеталарын айналымға шығарды.

Бұл монеталар Ұлттық банк, Қазақстан монета сарайы мен MDM неміс нумизматикалық компаниясы арасындағы үшжақты келісім аясында шығарылады.

FIFA world cup Qatar 2022 монеталарының дизайнын FIFA Халықаралық футбол федерациясы бекіткен. Катардағы футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының ресми слоганы Expect amazing стадионның электрондық таблосындағы жазу стилінде жасалған. Монетада рельефті орташа деңгейде алтын жалату бойынша жаңа технология қолданылып отыр. Ол монеталық өндірісте алғаш рет пайдаланылды және доптың көлемін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Оның алтын жалатылған бөліктері футбол қақпасының тор деңгейінен төмен орналасқан.


Оқи отырыңыз: FIFA-2022: Қатардағы әлем чемпионаты туралы 10 қызық дерек


FIFA world cup Qatar 2022 коллекциялық монеталары алтын жалату технологиясын қолдана отырып, 925/1000 сынамалы күмістен жасалған. Массасы 20 грамм, диаметрі 37 мм, номиналы 100 теңгелік, жалпы таралымы 4 мың дана. Ішкі нарық үшін монеталардың таралымы 3 650 дана, сыртқы нарық үшін 350 дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық банкінде банк шоттарына есепке алынып, аударылады, ұсақталады және айырбасталады.

 

Серіктестер жаңалықтары