Үкімет "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасына 60,3 миллиард теңге бөлді

Мердігерлер анықталды, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Үкімет отырысы барысында премьер-министр Олжас Бектенов "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын сапалы іске асыру – алда тұрған басты міндеттердің бірі екенін атап өтті, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Ауылдық жерлерде жаңа медициналық ұйымдарды салу, жұмыс істеп тұрған облыстық ауруханаларды жөндеу және кадр мәселесі – шешуді қажет ететін негізгі мәселелер.

Үкімет басшысы құрылысы биылға жоспарланған нысанның жобалау-сметалық құжаттарының барлығына мемлекеттік сараптама қорытындысын беру толығымен аяқталғанын атап өтті.

Мердігерлер анықталды, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Үкімет Ұлттық жобаны іске асыруға 60,3 миллиард теңге бөлді. Оның 21 миллиард теңгеден астам бөлігін өңірлер алып үлгерді. Қазір қалған нысандарды қаржыландыру мәселесі пысықталуда", – деді Олжас Бектенов.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз