ТЖМ: Маңғыстау облысында қар құрсауынан 29 жүк көлігі шығарылды

ТЖМ қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді.

Маңғыстау облысында Жаңаөзен - Түрікменстан Республикалық маңызы бар трассасының учаскесінде ауа райының нашарлауына және қалың қардың түсуіне байланысты жүк көліктері қар үйіндісіне тап болды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Жүк көліктерінің бірі тіпті жол шетіне шығып кетті. Аймақтық құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері дереу жүргізушілерге көмектесуге шықты.

"Құтқарушылар жолды тазалап, көліктерді сүйреп, қозғалысты қалпына келтіруге көмектесті. Жұмыстар "ҚазАвтоЖол" қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілді", – делінген хабарламада.

ТЖМ қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді. Дауылды ескертулерге назар аударыып, ауа райы нашарлаған жағдайда алыс жолға шықпауға шақырады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау