Тікелей эфир

"Тыйым салуға негіз жоқ". Қаржы министрлігі мемқызметшілерге сыйақы беру туралы

Сыйақы төлеуге қатысты заң бабына өзгерістер енгізілмеген.

Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметшілерге сыйақыны беру туралы түсініктеме берді.

Министрліктің хабарлауынша, ҚР Үкіметінің 2001 жылдың 29 тамызындағы №1127 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету, лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу бюджет қаражатын үнемдеу есебінен ғана жүзеге асырылады.

"Осы қаулы арқылы шығыс баптарының нақты тізбесі айқындалған. Олардың есебінен үнемдеу қалыптасқан жағдайда ғана (іссапарларға, коммуналды және көлік қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, үй-жайларды жалға алуға және т.б. шығыстар бойынша үнемдеу) сыйақы төленуі мүмкін. Бүгінде аталған қаулыға, сондай-ақ басқа да заңнамалық актілерге сыйақыларды шектейтін өзгерістер енгізілмегендіктен мемлекеттік қызметшілерге сыйақыларды беруге тыйым салатындай негіз жоқ", – делінген министрліктің хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Мемлекеттік қызметшілердің білімін жетілдіру бағдарламалары іске қосылды


Еске салайық, Қаржы министрлігінің осыған дейінгі хабарламасында Үкімет қаулысының нормаларын бұлжытпай ұстану қажеттігі және бағдарлама әкімшілерінің қызметкерлерді тізбеде көрсетілгендерден бөлек бюджеттік баптардан қаражатты сыйақыға пайдалануға жол бермеу туралы айтылған болатын. Бұл қоғамда түсінбеушіліктер туғызды. 

 

Серіктестер жаңалықтары