Түркияның Конья облысы Қаратай ауданындағы Ісмил ауылындағы мәдениет үйінде Абай көрмесі келушілерге есігін айқара ашты. Бұл туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Түркиядағы өкілі Ержан Уәйіс хабарлады.
Түркияның бірнеше қалаларында Абай мектебі, Абай ескерткіші, Абай көшелері және Абай үйлері бар. Мұндағы Абай бұрышын Түркиядағы Қазақ елшілігі, халықаралық "Түрксой" ұйымы ұйымдастырды. Абай Құнанбаевтың жібектен тоқылған кілемше портреті төрге ілінген. "Түрксойдың" орталық музейінен Абай портреті әкелінген. Қазақтың Бас ақыны Абай атаның тарелкеге салынған суреттері де көрікті жерден орын алған.
"Абайдың шығармалары, өлең қара сөздерінен топтастырылған кітаптары да сөреде тұр. Сондай-ақ Алаш арыстары Ахмет Байтұрсынұлының, Мағжан Жұмабайдың, Мұстафа Шоқайдың, Темірбек Жүргеновтің кітаптары қойылған. Ыстамбұлдағы Қазақ профессоры, тарих ғылымдарының докторы, 40 тан астам кітабы бар жазушы Әбдіуақап Қараның Абай туралы жазған монографиялық ғылыми еңбектері, Түрік тілінде жазылған кітаптарының бірнеше данасын автор мәдениет үйіндегі Абай бұрышына қою үшін Ісмил Қазақ қауымдастығының төрағасы Ақполат Молдаұлы Мехмет Әлімге табыс етті", – деп жазды Ержан Уәйіс.
Енді бұл мәдени орталығында Қазақ тілі курстарын, домбыра үйрету курсын ашу жоспары еңгізілді.
Оқи отырыңыз: Анкарада Қазақстан-Түркия достық саябағы ашылды