USD: 469.3 / 471.9
  • EUR: 535.0 / 540.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Түркия Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болуды көздеп отыр

Ердоған Израильдің Палестина халқына қарсы үздіксіз агрессиясына назар аударды.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған НАТО мүше мемлекеттері басшыларының саммитінен кейінгі баспасөз мәслихатында осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлады TRT Haber

Мемлекет басшысы терроризмге қарсы күресте одақтастар арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті.

"Түркия НАТО-ға қауіп төндіретін екі негізгі қауіптің бірі — терроризммен күресте одақтастарынан ниеттестік күтеді. Бұл одақ туралы заңда да талап етілген", – деді ол. 

Ердоған Израильдің Палестина халқына қарсы үздіксіз агрессиясына назар аударды. Оның айтуынша, Палестинада жан-жақты және тұрақты бейбітшілік орнамайынша Түркия НАТО-ның Израильмен ынтымақтастық бастамаларын мақұлдамайды. 

Ердоған Түркияның Шанхай ынтымақтастық ұйымына толық мүше болуды көздеп отырғанын айтты.

"Енді Түркия Шанхай ынтымақтастық ұйымына толық мүше ретінде қосылуы керек. Мен тұрақты мүшелерден осы мәселе бойынша қолдау сұрадым", – деді Түркия көшбасшысы. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау