Тоқаев Құрылтай төрағалығына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды

Фото: newsroom.kz сайтынан алынды
Фото: newsroom.kz сайтынан алынды
Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы өтіп жатыр.

Астанада І шақырылымдағы Қазақстан Құрылтайының бірінші отырысы өтіп, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай төрағасы қызметіне Айбек Дәдебайды ұсынды.

"Жоғарыда атап өттім, жаңа Конституцияға сәйкес билік институттарын жасақтау жұмысын бастау үшін біз бірқатар рәсімді өткізуіміз керек. Ең алдымен, Құрылтайдың басшылық құрамын сайлап, құрылымын қалыптастыру қажет. Өздеріңізге мәлім, Конституцияның 57-бабына сәйкес Құрылтай Төрағасының лауазымына кандидатураны Президент ұсынады. Мен жауапкершілігі зор бұл лауазымға Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынамын. Сіздер бұл тұлғаны жақсы білесіздер. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет етті. Тәжірибесі мол деп айтуға болады. Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді. Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын. Құрылтай депутаттарынан Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын қолдауды сұраймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айбек Арқабайұлы Дәдебай 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін "халықаралық құжаттанушы" мамандығы бойынша тәмамдаған (2001). Осы оқу орнының магистратурасын "аймақтанушы" мамандығы бойынша аяқтаған (2003). 


Оқи отырыңыз: Тоқаев Үкіметтің өкілеттігін доғарды


Еңбек жолы

  • 2001-2002 жылдары: Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы;
  • 2008-2011 жылдары: ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, Сенат Төрағасы көмекшісінің міндетін атқарушы;
  • 2011-2013 жылдары: Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы Женева қаласындағы Тұрақты өкілдігінің атташесі, үшінші хатшысы;
  • 2013-2019 жылдары: ҚР Парламенті Сенаты Төрағасы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, Хатшылық меңгерушісі;
  • 2019-2021 жылдары: Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары;
  • 2021 жылғы мамыр – 2022 жылғы қаңтар: ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары;
  • 2022-2024 жылдары: Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы;
  • 2024-2026 жылдары: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы;
  • 2026 жылдан бастап: "Әділет" саяси партиясының төрағасы және Құрылтай депутаты.

Мемлекеттік марапаттары "Құрмет" орденімен және "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау