Ол қырықтан енді асқан болатын.
Белгілі цирк өнерпазы, "буынсыз адам" атымен танымал Айдос Тоқтарбай дүние салды. Бұл ақпаратты ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Рахман Омар растады.
"Айдос Тоқтарбай бауырымыз мезгілсіз өмірден өтті. Цирк өнерінің шебері", – деп жазды ол.
Айдос Тоқтарбай Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының тумасы. Алматыдағы эстрада және цирк колледжінде оқыған, бірақ аяқтамаған.
Цирк өнерінің акробатика, гимнастика жанрларында өнер көрсетті. Кейінгі жылдары алған жарақатына байланысты өнер көрсетуін тоқтатқан болатын.
Өнерпаздың жұбайының айтуынша, Айдос Тоқтарбайдың бүйрегі істен шыққан.