Шымкентте мектеп оқушыларының оқу кестесіне көшбасшылық бойынша факультативтер енгізілді

5 жыл ішінде еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде жобаны одан әрі кеңейту жоспарланып отыр.

Шымкентте Болат Өтемұратов қорының Jas Leader Akademiiasy жобасы аясындағы факультативтік сабақтар басталды. 5 және 11-сыныптардың 12 мыңнан астам оқушысы заманауи әлемде сұранысқа ие дағдыларды меңгереді. Балалар қызықты интерактивті форматта презентация өткізуді, топта жұмыс істеуді және уақытты жоспарлауды үйренеді. 

Фотоны Болат Өтемұратов қорының баспасөз қызметі ұсынды

Оқу жылының басына қарай оқушылардың жасына байланысты бейімделген оқу құралдары әзірленді. Жазғы демалыс кезінде жобаға қатысу үшін іріктелген Шымкент қаласының жалпы білім беретін 25 мектебінің 50 мұғалімі оқытудың заманауи әдістері бойынша апталық тренингтерден өтті. 

"Көшбасшылық факультативін өткізу бойынша дайындықтан кейін оқытушылық қызметке жаңа тұрғыдан қарадым. Бұл тәжірибені негізгі пәнім – тарихты оқытуда да пайдаланатын боламын. Маған, әсіресе, "теңге – тең" қағидасы ұнады, ол оқушымен диалог жүргізуді, оны өз пікірін айтуға ынталандыруды білдіреді", – деді №137 орта мектептің мұғалімі Төлебек Бектас.

Jas Leader Akademiiasy бағдарламасы мектепте оқып білу үшін алғаш рет қазақ тіліне аударылған уақытпен тексерілген әдістемелерді қамтиды. Шымкент қаласының білім беру басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, факультативтер мектеп бағдарламасына уақытылы және қажетті қосымша ретінде енгізіледі.

Фотоны Болат Өтемұратов қорының баспасөз қызметі ұсынды

"Білім беру жүйесінің міндеті – ертең өз аймағының және жалпы елдің дамуын алдын ала анықтайтын ынталы, белсенді және білімді жастарды дайындау. Біз оқыту сапасын арттыру, мектептерді жаңарту бойынша көп жұмыс жасаймыз. Және балалардың көшбасшылық дағдыларын нығайту үшін Болат Өтемұратов қорымен ынтымақтасқанымызға қуаныштымыз", – деді Жанат Тәжиева.

Jas Leader Akademiiasy биылғы жылдан бастап Шымкент қаласы мен Түркістан облысының мектептерінде іске асырылуда. Болат Өтемұратов қоры 5 жыл ішінде еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында жобаны одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр. Жобаны жүзеге асыру үшін 5 млн АҚШ доллары бөлінді.

Фотоны Болат Өтемұратов қорының баспасөз қызметі ұсынды

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары