Есесіне жыл сайын өңделген сұйық сүт көлемі мен кілегей өндірісі артып келеді. Қаңтар-шілдеде өндіріс көлемі 359,6 мың тоннаны құрады.
Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша, отандық компаниялар сүтке сұранысты 96,3% орындады. Осы өнімнің 3,7%-ы немесе 11,9 мың тоннасы импортқа жіберілді. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,7% көп. Ал сүт экспорты – 14,3%, яғни 18,7 мың тоннаға дейін өсті. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.
2020 жылмен салыстырғанда сүт бағасы қаңтар-тамыз айларында 9,5% өсті, бұл – соңғы 3 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
Республика бойынша пастерленген сүт бағасы бәрінен көп Өскемен және Қарағанды қалаларында қымбаттаған. Майлылығы 3,2%-4% болатын пастерленген сүт:
- Өскеменде орташа есеппен – 382 теңге;
- Қарағандыда – 357 теңге болды.
Ал майлылығы 2,5% болатын пастерленген сүт:
- Қарағанды – 275 теңге;
- Нұр-Сұлтан – 275 теңге;
- Өскемен мен Семейде – 274 теңге болды.
Орташа есеппен Қазақстан бойынша, майлылығы 2,5% сүттің литрі – 254 теңге, ал майлылығы 3,2%-4% болатын сүттің литрі – 302 теңгеден сатылды.
Биыл шикі сүтті тұтыну мөлшері айтарлықтай төмендеген:
- 2021 жылдың І тоқсанында адам басына шаққанда – 3,7 литр;
- 2020 жылдың І тоқсанында – 4 литр;
- 2019 жылдың І тоқсанында – 4,6 литрден келді.
Қалаға қарағанда ауылдық жерлердің тұрғындары сүтті көбірек тұтынады. Алайда ауылдық жерлерде де сүтті тұтыну көлемі екінші жыл қатарынан азайып келеді. 2021 жылдың І тоқсанында жан басына шаққанда – 6,3 литр, ал қалада – 1,8 литрден келді.
Есесіне жыл сайын өңделген сұйық сүт көлемі мен кілегей өндірісі артып келеді: осы жылдың қаңтар-шілде айларында өндіріс көлемі 359,6 мың тоннаны құрады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 8,1% көп.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1➡️Еуразиялық интеграция институты: Amanat партиясы 53,46% дауыс жинады
-
298
-
0
-
5
-
-
2🗳 Парламентке бес партия өтеді
-
305
-
0
-
2
-
-
3🔵Қазақстандықтар қай партияға дауыс берді?
-
304
-
0
-
5
-
-
4🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
246
-
0
-
6
-
-
5🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
222
-
0
-
2
-
-
6👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
213
-
0
-
0
-
-
7✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
200
-
0
-
0
-
-
8«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
196
-
0
-
0
-
-
9💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
200
-
0
-
4
-
-
10🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
200
-
0
-
3
-