Тікелей эфир

Семейде "Тәуелсіздікке тағзым" атты жас ақындар мүшәйрасы өтті

Шара Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.  

Байқау мақсаты – көркем әдебиетті, сөз өнерін дәріптеу, тәуелсіздігіміздің нығаюына, жігерлі, табанды ұрпақтың тәрбиеленуіне ықпал ету, патриоттық, гуманистік бағыттағы поэзияны дамыту. 

Байқау екі кезеңнен тұрды. Алдымен ақындар тәуелсіздік тақырыбына өлең шығарып оқыса, екінші айналымда еркін тақырыпта жеке шығармашылығынан өлең оқып сынға түсті.

Тәуелсіздік тақырыбында өлең жазу үшін қатысушыларға жеті күн уақыт берілді. Мүшәйраға мектеп оқушылары, колледж және жоғарғы оқу орындарының студенттері, жалпы он төрт ақын қатысты.


Оқи отырыңыз: Семейде "Жыл таңдауы – 2023" жастар сыйлығының жеңімпаздары марапатталды


"Тәуелсіздікке арнау" атты өзімнің жеке шығармашылығымнан өлең дайындап әкелдім. Ұйымдастырушылар оны жазуға бір апта мөлшерінде уақыт берді. Бұл шара жалпы, жастарға, кешегі Мағжан сенген жастарға үлкен серпіліс болғалы тұр. Осындай шығармашылық кештер көбірек ұйымдастырылса дейміз", – деп өз пікірін білдірді мүшәйрә қатысушысы Нұрбол Ұлан.

Әділ қазылардың төрелігімен байқаудың бас жүлдесін Рахатбек Ерзат жеңіп алса, 1-орынды Әлихан Ерланов, 2-орынды Нұрбол Ұлан және 3-орынды Мирас  Сләмшайықұлы иеленді. Сонымен қатар бүгінгі байқауда ерекше көзге түскен ақындар Қ. Рысқұлбекұлы, Е. Сыпатайұлы, Л. Асанова, С. Мұхамеджанова атындағы арнайы жүлделермен марапатталды. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Сапалы білімге қатысты барлық бастамаға оң көзбен қараймын


Ал байқауға қатысқан барлық қатысушыға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары