Сайыс қатысушылары – іріктеуден өткен және үш тілді жетік меңгерген 9-10 сынып оқушылары. Сайыс екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең тест сұрақтарынан құралса, екінші кезеңде оқушылар тыңдалым тапсырмаларын орындайды. Осылайша, олардың қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша біліктілігі мен тыңдап-түсіну деңгейі анықталады.
"Полиглот – жыл сайын өтетін дәстүрге айналған сайыстардың бірі. Көптілді білім беру бағдарламасы жаһандану жағдайында бәсекеге қабілетті және тіл мәдениетін білетін ұрпақтың қалыптасуына ықпал етеді. Сол себепті де бүгінгі сайыста біз үш тілді меңгерген жастарды анықтап, оларға әрі қарай қолдау көрсету мақсатында жиналдық", – деді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Маржан Бахатова.
Бұл – Қазакстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясындағы шара.