Семейде 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні жоғары деңгейде аталып өтуде

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Семей қаласында 20-дан астам іс-шара ұйымдастырылды.  

Биылғы жылы Семей қаласының барлық мектептерінде соңғы қоңырау 1 маусым күні соғылды.

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов  Шәкәрім мектеп-гимназиясында өткен шараға қатысып, ұстаздар мен оқушыларды, мектеп түлектерін құттықтап, ақ жол тіледі. 

Қаламызда биылғы оқу жылын 68 мектеп бойынша 1937 түлек тәмамдады. Олардың ішінде 60 түлек "Алтын белгіге" үміткер, ал 155 түлек "Үздік аттестат" иегері атануға үмітті. 

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов мерекеге орай "Семей қаласының мамандандырылған балалар үйіне" барды. Балаларға қаламыздың аниматорлары, ертегі кейіпкерлері театрландырылған қойылым мен өнер көрсетті. 

Мерекеге орай, "Абай облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ-де күндізгі бөлімшесінің ұйымдастыруымен "Балалық шақ – ертегі әлемі!" атты шара өтті. 

Сондай-ақ, Семей қаласындағы "Қарағайлы" шағын ауданынан халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 27 отбасыға, көпбалалы және жетім балаларға көпқабатты тұрғын үй пәтерінің кілті табыс етілді. 

Мерекелік бағдарламалар Ертіс жағалауында, Арена мәдени-спорт кешенінде, Әуезов алаңында, Арбатта жалғасын тапты.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз