Сондай-ақ, студенттердің стипендиясы тағы да 20% өседі.
2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қазақстандық жоғары оқу орындары студенттерінің стипендиясы 20 пайыз, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15 пайызға өседі, деп хабарлайды ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Өткен жылдың қыркүйек айында бакалаврлар стипендиясының мөлшері 20%-ға, магистранттар мен докторанттар стипендиясының мөлшері 15%-ға артты. Осылайша, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы 31 423 теңге, магистранттардыкі – 76 950 теңге, докторанттардыкі – 172 500 теңгені құрады.
Оқи отырыңыз: Магистратура мен докторантураға түсу бойынша 8 маңызды сұраққа жауап
"Осы жылдың қыркүйек айынан бастап студенттердің стипендиясы тағы да 20%-ға өседі. Мысалы, педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы ала бастайды. Магистранттардың шәкіртақысы 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың шәкіртақысы 195 000 теңгеге дейін өседі", – деді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.
Еске салсақ, 2022 жылы білім гранттарының саны 5 мыңға артатыны туралы хабарлаған едік. 2025 жылға дейін білім беру гранттарының саны кезең-кезеңімен тағы да 15 мыңға артады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 29 наурыз мемлекет басшысы VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді
-
325
-
1
-
3
-
-
2🔗 Алматыда «Qnet» қаржы пирамидасын басқаруға қатысты күдікті ұсталды
-
319
-
0
-
1
-
-
3⚽️ Қазақстан футболшылары Еуропа-2024 чемпионатының іріктеуіндегі жеңісі үшін қаржылай сыйақы алады
-
289
-
0
-
3
-
-
4✍️Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды:
-
277
-
0
-
0
-
-
5⚡️ «Ауыл» партиясынан мәжіліске өткен депутаттар
-
278
-
0
-
0
-
-
6⚡️«AMANAT» партиясынан мәжіліске 40 депутат өтті
-
279
-
0
-
0
-
-
7Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан мәжіліске 4 депутат өтті:
-
266
-
0
-
0
-
-
8Respublica партиясынан мәжіліске 6 адам барады:
-
261
-
0
-
0
-
-
9Қазақстан халық партиясы:
-
263
-
0
-
0
-
-
10АҚШ-тағы мектептің бірінде атыс болып, 6 адам қаза тапты
-
271
-
0
-
0
-