Қорғаныс министрі Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

Фото: Министрлік баспасөз қызметі
Фото: Министрлік баспасөз қызметі
Дауыс беруге шамамен 130 мың әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелері қатысуда.

Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Астанада сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берді.

23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтіп жатыр. Оның құрамына бес жыл мерзімге 145 депутат сайланады.

Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері елдің толыққанды азаматтары екенін және әрқайсысы мемлекеттің болашағын айқындауға өз үлесін қоса алатынын атап өтті.

Фото: Министрлік баспасөз қызметі

Дауыс беруге шамамен 130 мың әскери қызметші мен олардың отбасы мүшелері қатысуда. Әскери бөлімдер мен мекемелер аумағында 25 жабық сайлау учаскесі ұйымдастырылған.

Әскери бөлімдерде дауыс беруді ұйымдастыру әскери қызметшілерге белгіленген тәртіп пен заң талаптарын сақтай отырып, сайлауға қатысуға мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау