USD: 479.1 / 481.7
  • EUR: 545.5 / 550.5
  • RUB: 5.89 / 6.05
Тікелей эфир
Алматы +22C
Все города

Қазақстанда бастауыш сынып оқушыларының сабағы жеңілдейді

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Енді басымдық базалық білімге берілмек.

Оқу-ағарту министрлігі бастауыш сыныптарда оқу процесін толығымен қайта құруға шешім қабылдады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысында хабарлады. 

Оның айтуынша, негізгі мақсат – оқу жүктемесін оңтайландыру, оқу материалының сабақтастығын қамтамасыз ету және оқушылардың оқу, жазу, математикалық және функционалдық сауаттылығының берік негізін қалыптастыру. Атап айтқанда, 1-4-сыныптарға арналған "Математика" пәні бойынша 244 оқу мақсаты толық қайта қаралды. Бағдарлама неғұрлым практикалық болды: күрделі тақырыптардың үштен бірі жеңілдетілді, ал балаларға жасына сәйкес келмейтін сабақтардың шамамен 14 пайызы алынып тасталды немесе орта мектепке ауыстырылды. 

Сонымен қатар бірінші сынып оқушылары үшін жылдың басында арнайы бейімделу кезеңі енгізіледі. Тілдік пәндердің мазмұны да айтарлықтай жаңартылды. Әліппеге дейінгі кезең 12 сағатқа дейін ұзартылды, "Әліппе" пәнін оқытуға 84 сағат бөлінді, ал "Ана тілі" пәні екінші жартыжылдықта оқытылады. Сондай-ақ, оқытуды қазақ тілінде алғаш бастайтын балалар үшін арнайы тілдік бейімдеу бағдарламасы енгізіледі. 

"Оқытуды қазақ тілінде алғаш бастайтын балалар үшін арнайы тілдік бейімдеу бағдарламасы енгізіледі. Бағдарламамен қамту көрсеткішін 2026 жылы – 50 пайызға, 2027 жылы – 80 пайызға, ал 2028 жылы – 100 gfqspға жеткізу жоспарланып отыр. Жаңартылған оқу бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижесінде математика және тілдік пәндер бойынша білім сапасын 2027 жылы 15 пайызға, ал 2028 жылдың қорытындысы бойынша 35 пайызға арттыру көзделген", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау