Биыл мемлекеттік білім грантына құжаттар 13-20 шілде аралығында қабылданады.
Осы ретте Ұлттық тестілеу орталығы байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімін жариялады.
Олар:
- жеке куәлік;
- ҰБТ сертификаты;
- 3х4 көлеміндегі фото;
- орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом;
- жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар;
- B167 "Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану" мамандығы үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек.
Еске салайық, 2026-2027 оқу жылына бакалавриатқа 75 371 мемлекеттік грант бөлінді. Мамандықтар бойынша гранттар бөлінісін Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан көруге болады.
Құжаттарды Электрондық үкімет порталы немесе ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы тапсыруға мүмкіндік бар.
Грант иелерінің тізімі тамыз айының ортасында жарияланады.
Оқи отырыңыз:
Қазақстанда биылғы грант иелері қашан белгілі болады
Мемлекеттік грантта оқитын студенттер де ипотека ала алады