Тікелей эфир

Қазақстанда 32 ауданаралық аурухана салынады

Алматыда травматология және ортопедия саласындағы халықаралық семинар өтті.

Алматыда өткен травматолог-дәрігерлерге арналған семинарда ISCTO халықаралық травматология және ортопедия орталығының бас директоры, профессор Ерсін Жүнісов отандық травматология саласының дамуы жайында айтып берді.  

"Бұл – әлемдік деңгейде өткізілетін семинар. Бүкіл мемлекетте бар. Соңғы екі жыл бойы Қазақстанда өтіп жатыр. Былтыр Түркістанда өтті. Орта Азиядан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан келген 14 жетекші маман әр елден келген 30 дәрігерге сүйек сынықтарын емдеудің негізгі ұстанымдарына байланысты дәрістер оқыды. Мақсатымыз – халық денсаулығын, ортопедия және травмотология саласын Қазақстан арқылы бүкіл Орта Азия бойынша дамыту», – деді семинардың бас ұйымдастырушысы Ерсін Жүнісов.

Профессордың пікірінше, елімізде 32 ауданаралық аурухана салынады.

"Қазақстанда 2023-2025 жылдарға арналған "Ауыл медицинасын дамыту» атты ұлттық жоба басталды. Осы семинарлар арқылы ауылдық ауруханаларда істейтін хирург, травматолог, жас дәрігерлерді оқытсақ деген мақсатымыз бар. Үлкен трассалардың бойында орналасқан ауруханаларда, ауыл, аудан ауруханаларында халықаралық стандарттарға сай медициналық көмек кешенді тұрде ұйымдастырылса, өлім мен мүгедектіктің үлес салмағын күрт төмендетуге барлық мүмкіндік пайда болар еді. Елімізде 32 ауданаралық аурухана салынады. Басым бағыттардың бірі – ортопедия. Сол жақтарға мықты құрал-жабдық әкелінеді», – деді Ерсін Жүнісов.

Шараға Орта Азия елдерінен дәрігерлер жиналды. Отандық дәрігерлермен бірге ресейлік танымал травматологтар да онлайн дәріс оқыды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары