Тікелей эфир

Қазақстан сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салуды тағы жарты жылға ұзартты

Құжат 23 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Энергетика министрлігі "Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрық жобасын дайындады.

"Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды автомобиль және темір жол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", – делінген құжатта.

Кейбір жағдайларда ғана ерекшеліктер болады:

  • өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) немесе Қазақстан Республикасының президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндіруді жүзеге асырған, тұрақты салық режимі бар жер қойнауын пайдаланушылардың экспорты;
  • Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қарашығанақ кен орнында өндірілген қазақстандық шикізаттан өндірілген (өңделген) тауарлардың экспорты;
  • республикадан тыс жерде басталатын және аяқталатын транзиттік тасымалдар.

Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салу 2024 жылғы 14 қарашадан бастап күшіне енеді деп жоспарланып жатыр.

Құжат 23 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары