Қазақстан азаматтығын алғысы келетін шетелдіктерге жаңа талап қойылды

Бұйрық 12 қазаннан бастап күшіне енді.

2024 жылғы 8 қазанда Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен азаматтық алу немесе Қазақстан азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді бастапқы деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін және Қазақстан тарихын білуге қойылатын талаптар бекітілді.

"Құжат бойынша азаматтық алу немесе қалпына келтіру барысында мемлекеттік тілді білу деңгейі кем дегенде 36 балл, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша кемінде 9 балл, және Қазақстан тарихы бойынша кем дегенде 15 балл жинау қажет", – делінген құжатта.

Аталған бұйрық 12 қазанда күшіне енді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау