Тікелей эфир

NASA хабар-ошарсыз қалған Voyager-2 орбита құрылғысынан сигнал алды

2022 жылдың шілде айында Voyager-1 орбиталық құрылғының электроникасы істен шыққаны туралы хабар тараған.

Voyager-2 құрылғысы істен шықпаған. Бұл туралы NASA басшылығының Twitter-дегі аккаунтында жазылды.

"NASA-ның ғарыш желісі Voyager-2-ден тасымалдаушы сигнал алды", – деп жазылған хабарламада.

NASA-ның болжамынша, бұл – орбиталық құрылғының істен шықпағанының белгісі.

Еске салайық, 2022 жылдың маусым айында NASA Voyager-1 және Voyager-2 орбита құрылғылары 2030 жылға дейін жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін кейбір жүйесін істен шығара тұру туралы жоспарын жариялады. Бірқатар сарапшы құрылғылардың пайдалану мерзімі 2025 жылы аяқталуы мүмкін деп есептейді, себебі отын ретінде пайдаланылатын плутоний өте жылдам ыдырап кетеді.


Оқи отырыңыз: Байқоңыр: берекелі тұрмыс шешімдері


2022 жылдың шілде айында Voyager-1 орбиталық құрылғының электроникасы істен шығып, мамандар ақауларды анықтай алмағаны хабарланған болатын.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары