30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті алқылы бөлімде оқитын студенттер арасында дәстүрлі «Мен Конституцияны жатқа білемін!» конкурсын өткізді. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram арнасында жазылды.
Конкурсқа қатысуға әртүрлі мамандықта оқитын 250 студент ниет білдірген.
"Қатысушылар конкурстың алғашқы кезеңінде Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін білу деңгейін анықтау үшін 25 сұрақтан тұратын сауалға жауап берді. Ал, екінші кезеңге сүрінбей өткендер, Ата заңның баптарын жатқа айтудан жарысты. Конкурсқа Атырау қалалық соттың судьясы, прокурор және жеке сот орындаушы, университеттің азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары төрелік етіп, жеңімпаздарды анықтады", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: Конституция күні Алматыда қандай мерекелік іс-шаралар өтеді.
Конкурс қортындысы бойынша 3 орынды (30% жеңілдік) «Экология» мамандығының студенті Ботакөз Интимахова, 2 орынды (50%жеңілдік) қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының студенті Медина Әбдеш алды. Ал бас жүлдені азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының студенті Жәңгір Темірханов алды. Оған бір жылдық оқуын тегін оқуға сертификат берілді.