Медициналық мамандықтар бойынша психометриялық тестілеу "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанында бағаланады.
Оқу-ағарту министрі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізді.
Өзгерістер бойынша кәсіпорындардың өтінімдері бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына түсетін талапкерлерді іріктеу кәсіпорын өкілдерінің қатысуымен қабылдау комиссиясы өткізген әңгімелесудің қорытындылары бойынша жүргізіледі.
Ережеге сәйкес, мемлекеттік тапсырыс бойынша педагогикалық, медициналық мамандықтар, сондай-ақ өнер және мәдениет мамандықтары бойынша оқуға түсетін адамдар арнайы немесе шығармашылық емтихандар, сондай-ақ психометриялық тестілеу тапсырады. Медициналық мамандықтар бойынша психометриялық тестілеу "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанында бағаланады.
Оқи отырыңыз: Колледжде сырттай оқуға құжатты 20 қыркүйекке дейін тапсыруға болады
Өнер және мәдениет мамандығына тапсырған талапкерлер конкурстарға, олимпиадаларға немесе спорттық жарыстарға қатысқан жағдайда шығармашалық емтихан ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып жүргізіледі. Емтихан тақырыптарын білім беру ұйымы белгілейді.
Емтихандардан төмен баға алған адамдар келесі емтиханға, конкурсқа жіберілмейді.
Білім алушылар құрамына қабылдау күнтізбелік жылдың күнтізбелік жылдың 18 тамызына дейін жүргізіледі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша бөлінбеген орындар, мамандықтар бойынша топтар жинақталмаған, қамтылмаған талапкерлер болған жағдайда 29 тамызға дейін мамандықтар мен мемлекеттік тапсырыс қайта
бөлінеді.
Оқи отырыңыз: Колледжде қалай тегін білім алуға болады?
Бұйрық 2022 жылғы 29 шілдеде күшіне енді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
12,3 млн қазақстандықтың табысы тамағынан артылмайды 💸
-
303
-
2
-
1
-
-
2🌐 Қазақстан ауылдарына интернет тартуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ
-
285
-
0
-
2
-
-
3🚫 Фейк: Отбасы банк «мемлекеттен 116 680 теңге берілуі» туралы ақпаратты жоққа шығарды
-
275
-
0
-
2
-
-
4Әскер дәрігерлерінің жалақысы артады
-
259
-
0
-
2
-
-
5Атырау облысында мектеп оқушылары төрт ауысымда оқуға мәжбүр
-
224
-
0
-
2
-
-
6Бұрынғы экология министрі Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
-
222
-
2
-
3
-
-
7Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік кәсіпкерге жасанды «әкімшілік кедергілер» құрған
-
198
-
0
-
4
-
-
8✅ Автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады. Қалай онлайн өтініш беруге болады?
-
190
-
3
-
6
-
-
9Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
-
157
-
0
-
2
-
-
10Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
-
58
-
0
-
1
-