Прямой эфир Новости спорта

Қызылордада 1 552 отбасы баспаналы болмақ

Қызылорда қаласында 2 526 пәтерді құрайтын көпқабатты 42 тұрғын үй салынуда.

Жыл соңына дейін 1 552 пәтерді құрайтын 26 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Атап айтқанда, несиелік 640 пәтер, осал топқа жататын отбасыларға 620 пәтер, апаттық тұрғын үйде тұратын азаматтарға 135 пәтер, ал көпбалалы отбасыларға 45 пәтер беріледі.

Бұл тізімге жастар да қосылды. "Сыр жастары" бағдарламасы бойынша өтініш білдірген 100 жас жаңа баспанаға қол жеткізбек.

           

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
6

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары