Қарағанды өңірінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны көбейгендіктен, медициналық мекемелерден донор қанына деген сұраныс күрт артты. Сондықтан, облыстық қан орталығынан емдеу мекемелеріне қан плазмалары жиі жіберіліп жатыр, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Өңірде қан тапшылығы пандемия кезінде сезіле бастаған. Қан орталығының мамандары қазір қосымша қорды қанмен толтыра алмай жатқанын айтады. Әсіресе теріс топтағы қан тапшы.
"Қазір медициналық орталықтардан қанға деген сұраныс артты. Короновирус инфекциясын жұқтырғандар саны еселенгендіктен, қанға тапшылық байқалды. Нақты айтқанда қосымша қорды толтыру үшін донорға мұқтажбыз", – дейді Қарағанды облыстық қан орталығының бөлім меңгерушісі Оксана Чернышова.
Трансфузиология ғылыми өндірістік орталықтың төрағасының орынбасары Дулат Имашпаевтың сөзінше, донор қаны тапшылығы сезілмеуі үшін күніне республикада мың адам қан тапсыруы қажет.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: