KASE-де доллар бағамы айтарлықтай арзандады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Қазақстан Ұлттық банкінің ресми бағамы 512,81 теңге деңгейінде белгіленген.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы төмендеді.

Сауда нәтижесіне сәйкес, доллардың орташа бағамы 7,44 теңгеге арзандап, 504,60 теңгені құрады. Ал Қазақстан Ұлттық банкінің ресми бағамы 512,81 теңге деңгейінде белгіленген.

Kurs.kz деректеріне сүйенсек, Алматы қаласындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 502,31 теңгеден сатып алынып, 506,65 теңгеден сатылып жатыр.
Еуро бағамы 591,53–598,81 теңге аралығында, ал рубль 6,40–6,54 теңге шамасында саудаланып жатыр.

Астана қаласындағы айырбастау орындарында доллар 499,78 теңгеден сатып алынып, 506,78 теңгеден сатылып жатыр. Еуроны сатып алу – 585,43 теңге, сату – 595,43 теңге. Ал рубль 6,37 – 6,52 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз