eGov.kz порталында қазақстандықтар үшін жаңа сервис қолжетімді болады

Фото: eGov.kz
Фото: eGov.kz
Мемлекеттік аудитор сертификатына өтінішті енді онлайн беруге болады

Аудит саласындағы мамандар енді мемлекеттік аудитор сертификатын алу үшін өтінімді eGov.kz порталы арқылы онлайн тапсыра алады. 

Жаңа сервис жеке тұлғаларға қолжетімді және сертификаттау үдерісін айтарлықтай жеңілдетеді. Ол барлық қажет құжаттарды онлайн тапсыруға және өтінімнің мәртебесін Жеке кабинеттен қадағалауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік аудитор сертификаты – бұл маманның біліктілігін растайтын құжат. Сертификат иесі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және жеке ұйымдардың қаржылық есептілігін тексеруге құқылы. Бұл құжат Ұлттық комиссия тарапынан беріледі, арнайы қорғаныс дәрежесіне ие және үміткердің мемлекеттік аудитор ретінде біліктілігін растайды.

Мемлекеттік аудитор сертификатын рәсімдеу үшін үміткер eGov.kz порталында өтінім беріп, қажет құжаттарды тапсыруы, сонымен қатар біліктілігін растай отырып, сұхбаттасудан өтуі қажет.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, "Бизнеске" – "Лицензиялау және аккредиттеу" – "Құқықты тіркеу (аккредиттеу) және сертификаттау" бөлімін таңдау;
  • "Мемлекеттік аудитор сертификатын беру" қызметін таңдап, "Онлайн сұрау" батырмасын басу; 
  • өтініш берушінің байланыс нөмірі мен электрондық пошта мекенжайын көрсету;
  • сертификат біліктілігін таңдап, үміткердің шетелдік жоғары оқу орнының түлегі екенін көрсету (болған жағдайда);
  • білімі туралы құжаттың қосымшасымен бірге электрондық көшірмесін тіркеу;
  • жеке деректердің өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесін (бар болған жағдайда) тіркеу;
  • еңбек кітапшасының көшірмесін тіркеп, "Өтініш жіберу" түймесін басу;
  • қызметті қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен растау;
  • қызмет нәтижесі пайдаланушының Жеке кабинетінде "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде қолжетімді болады.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау