Бірінші Ұлттық құрылтай Ұлытауда өткен еді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Ақорда.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізеді.
"Жиынға Құрылтай мүшелерімен қатар Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшылық құрамы, Президенттің кеңесшісі және басқа да лауазымды тұлғалар қатысады", – делінген хабарламада.