Тікелей эфир

"Біреулер қастықпен өлтірді". Белгілі композитор Арман Дүйсеновтың ұлы қайтыс болды

Суық хабарды тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мәлімдеді.

Қазақстанның белгілі композиторы марқұм Арман Дүйсеновтың ұлы Абылай Арманұлы қайтыс болды. 

"Жаңа ғана суыт хабар естідім. Көңілім құлазып отыр. Қазақ "аталатсаң да, боталатпа" дейді ғой. Қазір Арманның жесірі, келіншегіне өте ауыр, қиын. Үлкен ұлы қайтыс болды дегенді естиіп, отбасына қайғырып көңіл айтамын", – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Сонымен қатар әнші Мақпал Жүнісова композитордың ұлын біреулер қастандықпен өлтірді деп жазған.

"Марқұм Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтірді деген суық хабар жетті. Иманы саламат болсын, өлтірген адамды тауып жазасын беру керек. Айсұлу айналайын, Алла сабыр берсін, кеше ұшып кетіп едім, туғандарына, анасына,қарындасымен бауырына қайғырып көңіл айтамын", – деп жазды Мақпал Жүнісова.

Еске салайық, 2023 жылғы қаңтарда композитор Арман Дүйсенов қайтыс болған еді. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары