Тікелей эфир

Білім министрлігі 19 диссертациялық кеңестің қызметін тоқтатты

Наурызда диссертациялық кеңестердің жұмыс істеуі бойынша жаңа талаптар заңнамалық түрде белгіленді.

Жоғары оқу орындарының 19 диссертациялық кеңесі белгіленген талаптарды сақтамағандықтан, 2021 жылы өз қызметін тоқтатты. Қазіргі уақытта университеттерде тағы 13 диссертациялық кеңес жабылу алдында тұр, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Қыркүйекте білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті диссертациялық кеңестердің жұмысына осы жылдың наурыз айында бекітілген жаңа формат бойынша талдау жүргізді.

Тексеру барысында кейбір жоғары оқу орындарының диссертациялық кеңестері жұмысты ұйымдастыру кезінде бұзушылықтарға жол беретіні анықталды.

"Кеңестер құрылған докторантураның кейбір білім беру бағдарламалары аккредиттеуден өтпеген. Бірқатар университетте кеңестің тұрақты құрамы бекітілмеген әрі кеңес құрамында 50% уақытша мүшелердің болуы жөніндегі талаптар сақталмаған. Бірқатар диссертациялық кеңесте ресми рецензенттердің, диссертациялық кеңес мүшелерінің ғылыми жұмысты бағалауы формалды сипатқа ие және жұмыс мазмұнына егжей-тегжейлі талдау жүргізілмейді", – деп атап өтті ҚР БҒМ білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Осы жылдың наурыз айында диссертациялық кеңестердің жұмыс істеуі бойынша жаңа талаптар заңнамалық түрде белгіленді. Олардың ішінде диссертациялық кеңестерде уақытша мүшелердің – қорғалатын диссертация тақырыбы бойынша сала мамандарының болуы, рецензенттердің дауыс беруге қатысуы және оларға қатысты шектеулер туралы ережелер бар.

Сондай-ақ кеңестерге қорғау нәтижелері бойынша диссертациялық жұмысты түзетуге немесе қайта қорғауға жіберу сияқты шешімдер қабылдауға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар, ЖОО сайтында қорғалатын диссертацияларды мерзімсіз уақытқа орналастыру, жұмысты онлайн қорғау – енгізілген жаңашылдықтардың бірі болып табылады. Бұл шаралардың барлығы сапаны қамтамасыз етуге бағытталған.    

Еске салсақ, 2022 жылдан бастап гуманитарлық институттардың тұрақты қаржыландырылатыны туралы хабарлаған едік. Бұған дейін институттар тікелей қаржыландыру шеңберінде тек гранттық жобаларға тәуелді болатын.

                                                                                          

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары