2021 жылдың қаңтар және мамыр айларында 1,9 млн тонна бензин өндірілді. Оның ішінде өткен жылмен салыстырғанда әуе бензинінің өндірісі 4,6% артқан.
Павлодар облысында бензин өндіру көлемі бірден 38,6% артты. Өткен жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 678,5 мың тонна көп. Мұнда Павлодар мұнай-химия зауыты бар. Ал Атырау облысы керісінше 418,5 мың тонна бензин өндіріп, көрсеткіші 13% төмендеді. Өңірде Атырау мұнай өңдеу зауыты бар.
Биыл стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы Шымкент бойынша нақты мәліметтер ұсынбады. Онда үшінші ірі мұнай өңдейтін "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС зауыты орналасқан. Есеп бойынша, Шымкент пен өзге өңірлер жалпы 749 мың тонна бензин өндірді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6% аз.
Алғашқы төрт ай қорытындысы бойынша, бензин нарығы толықтай отандық өніммен қамтылды. Импорт көлемі 0,03% немесе 0,4 мың тонна бензинді құрады. Бұл кезеңде экспортқа 100,5 мың тонна бензин жіберіліп, көлемі 32,4% азайды. Экспорт көлемі 10,2%дан 6,5%ға қысқарды.
Бензиндердің ішкі нарықта сатылуы керісінше – 10%, 1,4 млн тоннаға дейін артты.
Picodi.com мәліметінше, Еуропа мен ТМД елдері ішінде ең арзан бензинді Қазақстанда сатып алуға болады. 2021 жылдың бірінші жартысында орташа баға 185,51 теңге (0,43 АҚШ доллары) болды. Қазақстан рейтингке кірген 26 мемлекет ішінде көш бастады. Ал ең қымбат бензин Финляндияда – 1,90 АҚШ доллары.
Орташа есеппен әрбір қазақстандық орташа жалақыға 1 015 литр бензин (салықты қоспағанда) сатып ала алады. 2020 жылы тек 923 литр сатып алатын еді. Мұндай есеп бойынша, Қазақстан 26 мемлекет ішінде 7-орында тұр.
Рейтинг лидерлері:
- Германия – 1 786 литр;
- Швеция –1 771 литр;
- Финляндия – 1 589 литр.
ТМД елдері ішінде:
- Ресейде орташа жалақыға – 938 литр;
- Беларусь – 637 литр;
- Әзербайжан – 561 литр;
- Молдова – 358 литр;
- Армения – 309 литр;
- Тәжікстан – 167 литр сатып алуға болады.
2021 жылдың маусым айындағы көрсеткіш бойынша, бензин бағасы бір жылда 13,6% өсті.
Сондай-ақ:
- Батыс Қазақстанда бір жылда – 17,2%;
- Түркістан облысында – 17%;
- Шымкентте 16,5% қымбаттады.
Бензин түрлері бойынша:
АИ-98 бағасы– 12,7%;
АИ-92 – 13,6%;
АИ-95/96 – 14,4% өсті.