Тікелей эфир

Банкроттық туралы заң халықтың тұрмысын түзей ме?

Экономист бұл қуанатын жағдай емес екенін айтады.

Қазақстанның бюджет кодексіне "үмітсіз берешек" түсінігін енгізу ұсынылды. Нәтижесінде қазақстандықтардың ескі несиелері кешірілуі мүмкін деген ақпарат тарады. Бірақ, бұл қуанатын жағдай емес, деді экономист Мақсат Халық.

"Үмітсіз берешектің" қайтпайтынын банк толық біледі. Ол адам дүниеден өтіп кеткен болуы мүмкін, мүгедек болып қалған болуы мүмкін немесе қарызға әбден кіріп кеткен, қазір істі болып жатуы, түрмеде отыруы мүмкін, яғни банк ол адамнан ақшаны ала алмайтынын көріп тұр. "Үмітсіз берешек" деген сол несиелерді жауып тастау деген сөз. Сондықтан ол халықты қуантатын нәрсе емес", – деп түсіндірді Мақсат Халық Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.

Экономист тек банкроттық туралы заң қабылданған кезде ғана кей мәселе шешілуі мүмкін екенін айтады.

"Халық қашан қуанады? Банкроттық туралы заң қабылданғанда кішкене болса да қуанады. Бірақ, оның өзі көп мәселені аяғына дейін шешпейді. Алайда ол қабылданса, қазіргі уақытта коллекторлар мен сот орындаушыларының қудалауында жүрген азаматтарды құтқара аламыз. Бес жылға дейін болса да, құлағы тыныш, өз отбасына көңіл бөле алатын жағдайға келе алады", – деді экономист.


Оқи отырыңыз: Экономист халықтың күнкөрісі туралы: тұтынушылық себеті 2006 жылдан бері жаңарған жоқ


 

Серіктестер жаңалықтары