"Баламасы жоқ конституциялық инновация". Тоқаев президенттің жақын туыстарына билікте лауазымды қызмет атқаруға тыйым салу туралы

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Бұл өте қажетті қадам болды, деді президент.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның 30 жылдығына арналған "Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы" атты ғылыми-практикалық конференцияда президент сайлауына қатысты Ата заңға енгізілген өзгерістер туралы пікір білдірді. 

"Еліміздің саяси жүйесінде "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидаты орнықты. Бұл билікте өзара тиімді байланыс пен тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік берді. Президенттің жеті жылға бір рет қана сайлануы ел тарихындағы аса маңызды саяси-құқықтық бетбұрыс деп айтуға толық негіз бар. Себебі мұндай жағдай Қазақстанда бұрын-соңды болған емес. Осылайша, елімізде биліктің бірегей үлгісі пайда болды, яғни, мемлекеттік басқару жүйесі жаңа қағидаға сай жұмыс істей бастады, сол арқылы мемлекеттегі саяси үдерістер әлдеқайда түсінікті, болжамды, айқын бола түсті. Нақты айтқанда, Президенттің жақын туыстарына билік жүйесінде лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынды. Биліктегі отбасылыққа тосқауыл қойылды. Бұл да өте қажетті қадам болды. Халықтың осы шешімі – аса маңызды саяси-құқықтық жаңашылдық, әлемде баламасы жоқ конституциялық инновация", – деді президент. 

Серіктестер жаңалықтары