Ауыл шаруашылығы министрлігі: Қазақстанда 22,7 миллион тоннадан астам астық дайындалды

Бүгінгі таңда негізгі дәнді дақылдар бойынша 15 млн га астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды.

Орташа өнімдігі 15 ц/га болғанда 22,7 миллион тоннадан астам астық бастырылды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Осылайша, бидай 12,1 млн га алқапта жиналды. Өнімділігі 14,3 ц/га кезінде 17,3 млн тонна бастырылды. Арпа - 2 млн га, өнімділігі 17,1 ц/га кезінде 3,4 млн тонна бастырылды. Сұлы – 166,7 мың га, өнімділігі 16 ц/га кезінде 266,4 мың тонна бастырылды.

"Биыл майлы дақылдар 748,1 мың га алқаптан жиналды, орташа түсімділігі 11,3 ц/га 842,3 мың тонна бастырылды. 108,4 мың га алқаптан өнімділігі 232,7 ц/га болған кезде 2,5 млн тоннаға жуық картоп жиналды. Көкөніс дақылдары 105,3 мың га жиналды. Өнімділігі 259,3 ц/га болған кезде 2,7 млн тоннадан астам жиналды", – делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, бақша дақылдары 97,8 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 264,5 ц/га, жалпы түсімі 2,5 млн тоннадан асты. Жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинау комбайны, 14,9 мың дестелегіш және 195 мың бірлік тартылған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау