Тікелей эфир

Астанада қыс басталғалы 100 мың текше метр қар шығарылды

Қыс мезгілінің басынан бері және жауын-шашын жауғаннан бері қар полигондарына 100 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қала көшелерін қардан тазартуға 2300-ден астам жол жұмысшы мен 1400-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлады.

Қардан тазарту 18 желтоқсанға қараған түннен, яғни қар жауғаннан бастап жүргізіліп жатыр.

"Қар тазалау жұмысы күшейтілген режимде, кешкі және түнгі уақытта, сондай-ақ бағыттарды белгілеу арқылы жүргізіледі. Бірінші кезекте, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы қарқынды учаскелер тазартылады. Ары қарай, қозғалысы орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар тазартылады", – деп жазылған хабарламада.

Қыс мезгілінің басынан бері және жауын-шашын жауғаннан бері қар полигондарына 100 мың текше метрден астам қар шығарылды және 6600-ден астам рейс жасалды.


Оқи отырыңыз: 11 пойыз тұрып қалған Шу-Отар аралығында қозғалыс қайта жанданды


 

Серіктестер жаңалықтары