Тікелей эфир

Астанада 38 миллиард теңге мен бизнес орталығы мемлекетке сотсыз қайтарылады

Ақша әлеуметтік мақсаттарға бағытталады.

Қазақстанда заңсыз мүлікке ие болған адамдар мемлекетке 38 миллиард теңгені және құны екі миллиард теңге тұратын Астанадағы бизнес орталығын өз еркімен қайтарады, деп хабарлады үкімет.

Заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысында тиісті келісімдер бекітілді.

"Қайтарылған қаражат әлеуметтік мақсаттарға, соның ішінде су тасқынының салдарын жоюға жұмсалады", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ комиссия отырысында активтерді заңсыз иемденгендермен Астана және Шымкент қалаларында екі инфрақұрылымдық нысанның құрылысы бойынша инвестициялық келісімдер жасау туралы шешім қабылданды. Келісімдер жеті миллиард теңгеге жасалады.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда заңсыз берілген қанша гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды


"Бұл жобаларды жүзеге асыру жұмыс орындарын құруға және салық түсімдерінің қосымша ағынын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деп атап өтті премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Серіктестер жаңалықтары