Алматыда сайлау күні жүріп-тұруы шектеулі азаматтар арнайы көлік шақыра алады

Фото: Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сонымен қатар 23 тамызда 20 кезекші автокөлік қызмет көрсетеді.

Алматыда 23 тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтетін күні мүгедектігі бар және жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға көлік қызметі көрсетіледі. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері айтты.

Алматы әкімдігі жүріп-тұруы қиын азаматтарға "Инватакси" қызметін ұсынады. Оны арбамен жүретін, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сондай-ақ көру қабілеті бұзылған азаматтар пайдалана алады. Сайлау күні қызмет көрсетуге 170 "Инватакси" көлігі жұмылдырылады. Оның 36-сы арнайы жабдықталған көлік болса, 134-і жеңіл автокөлік.

"Инватакси" қызметіне алдын ала тапсырыс беру үшін диспетчерлік қызметтерге хабарласу қажет: 

  • арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін: +7 747 195 35 75; +7 707 710 60 50 (WhatsApp); +7 747 402 64 15 (WhatsApp);
  • Көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін: +7 727 338 32 78; +7 700 521 26 33; +7 777 611 13 57 (WhatsApp).

Оқи отырыңыз: Құрылтай сайлауы: Алматы облысында бүгін автобустар тегін жүреді


Сонымен қатар 23 тамызда 20 кезекші автокөлік қызмет көрсетеді. Оларды 8 700 151 07 01 және 338-30-09 телефон нөмірлері арқылы шақыруға болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау