Ұлттық банктің ресми бағамы — 524,94 теңге.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,71 теңгеге қымбаттап, 526,79 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 524,94 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 526,78 теңгеден сатып алынады, 528,77 теңгеден сатылады. Еуро 605,10 — 610,68 теңге, ал рубль 6,41 — 6,53 теңге аралығында саудаланады.
Астананың ақша айырбастау орындарында доллар 524,69 теңгеден сатып алынады, 531,68 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу — 603,60 теңге, сату — 613,60 теңге. Ал рубль 6,37 — 6,52 теңге.
USD:
505.5 / 508.5
EUR:
587.5 / 592.5
RUB:
6.47 / 6.59