Еуро 610,64–615,04 теңге, ал рубль 6,62–6,73 теңге аралығында саудаланады.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл өсті.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,63 теңгеге көтеріліп, 526,50 теңге болды. Ұлттық банктің 16 шілдедегі ресми бағамы - 525,87 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 526,57 теңгеден сатып алынады, 528,49 теңгеден сатылады. Еуро 610,64–615,04 теңге, ал рубль 6,62–6,73 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында: доллар 523,67 теңгеден сатып алынады, 529,70 теңгеден сатылады; еуро: сатып алу 608,59 теңге, сату - 615,62 теңге; рубль: сатып алу 6,60 теңге, сату - 6,75 теңге.
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63